WordPress пен интернет дүкен жасау және теңге бойынша онлайн төлем жасау

     Жақыннан бері Ахметбек Нұрсила ағамыз елімізді аралап " Бизнес бастау" атты бизнес-тренинг ұйымдастырып жүр, ол кісі интернет арқылы сауда жасаудың маңыздылығын дәріптеп жүр...

     Ал, енді интернет арқылы сауда жасау үшін өзіңізде жеке интернет дүкен болғаны жөн. Себебі сіз әлеуметтік желімен тауарлардың суретін таратқаныңызбен олардың толық мінездемесін бір-бірден жазып отыра алмайсыз. Сондықтан тауарларды  интернет дүкенге салып, тауарлар туралы нақты мәліметтерді толтырып.... Оййййй, мыжып кеттім ғой деймін.

      Тақырыпқа оралайық, Wordpress пен үлкен көлемдегі интернет дүкен жасауға болады(толығырақ сурет-001 немесе kazsauda.kz). Оның аса қиындығы жоқ, алдымен Wordpress пен сайт құрып аласыз, сосын сайтыңызға "интернет дүкен"-ге арналған тақырып(шаблон) қоясыз және "интернет дүкен" қондырмасын(плагин) қоясыз. Содан кейін сайтыңызға Қазкоммерцбанк ұсынған epay-wordpress қондырмасын қоясыз және оны белсендіресіз, сосын "интернет дүкен" баптауына кіріп фалюта түрін Теңгеге өзгертесіз (толығырақ сурет-002)... Осыдан кейін сайтыңыздағы тауарлардың бағасы теңгемен көрсетілетін болады, енді ең соңғы және ең маңызды қадам - https://epay.kkb.kz/ сайтына кіріп өз банктік шотыңыз бойынша тіркелесіз және  epay-wordpress қондырмасына байлайтын кодты аласызда қатысты өрістерді толтырасыз(толығырақ сурет-003), осыдан кейін сайтыңызға кірген адамдар онлайн төлем жасай алатын болады...

        Толығырақ Өркен Мұсабекұлның facebook парақшасынан білуіңізге болады.   https://www.facebook.com/orken.mussabek 20150415094554

(сурет- 001)

20150415094718

(сурет- 002)

20150415094455

(сурет- 003)

 

epay-wordpress тегін жүктеп алу

Әлеуметтік желіде бөлісу:
ҰНАТУ (6)

Пікір4

  1. #2
    Плагин тегін ғой еее?
    Балақай05-05-2017 16:53:37Reply
    • Иә, әрине тегін, плагинді QAZKOM жасап таратқан, плагинді іске қосу үшін QAZKOM-нан API алу керек.
      admin13-09-2017 15:38:23Reply
  2. #1
    Бірігіп бір проект жасағанға қалай қарайсың?
    Anonymous11-08-2017 17:00:53Reply
    • https://www.facebook.com/orken.mussabek жекеге жазыңыз.
      admin13-09-2017 15:39:20Reply