Creating an online store with Wordpress and making online payments in Kazakhstani tenge

OpenCart, Magento, PrestaShop, CS-Cart, osCommerce сияқты көптеген әлемдік деңгейдегі танымал электрондық коммерция және интернет-дүкенді басқару бағдарламалары арқылы тегін немесе ақылы түрде интернет-дүкен құрып, оны жүргізе аласыз.

Көпшілікке блог платформасы ретінде танылған Wordpress бүгінде кез-келген бағытқа пайдалануға болатын әмбебап жүйеге айналған.

Wordpress-ті кез-келген хат танитын адам игеріп кете алады, тіпті оған бағдарламалау сауаттылықтың да қажеті жоқ.

Хостинг және домен алынған жағдайда 1 тиын жұмсамай-ақ Wordpress-пен үлкен көлемдегі интернет дүкен жасауға болады. Оның аса қиындығы жоқ, алдымен Wordpress арқылы сайт құрып аласыз, сайтыңызға \"интернет дүкенге\" арналған тақырып (шаблон) таңдап орнатасыз және \"интернет дүкен\" қондырмасын(плагин) қоясыз.

Содан кейін сайтыңызға Қазкоммерцбанк ұсынған epay-wordpress қондырмасын орнатып оны белсендіресіз, сосын \"интернет дүкен\" баптауына кіріп валюта түрін Теңгеге өзгертесіз. Осыдан кейін сайтыңыздағы тауарлардың бағасы теңгемен көрсетілетін болады.

epay-wordpress тегін жүктеп алу

Соңғы және ең маңызды қадам - https://epay.kkb.kz/ сайтына кіріп өз банктік шотыңыз бойынша тіркелесіз және epay-wordpress қондырмасына байлайтын API кодттарды аласызда қатысты өрістерді толтырасыз, осыдан кейін сайтыңызға кірген адамдар онлайн төлем жасай алатын болады.

Онлайн төлем сіздің https://epay.kkb.kz/ сайтындағы шотыңызға түседі, ол жерде шотыңызға түскен ақшалар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар тұрады.

Қандай да бір көмек керек болса біз көмектесуге әзірміз.https://www.facebook.com/orken.mussabek


Make a call back

Enter your name, phone number and your request and send it to us, we will contact you as soon as possible